30 қаң, 2023 сағат 10:37

Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына енді

Фото: eurosport.fr

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің үздік теннисшілерінің ондығына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жария етті.

Қазақстанның үздік теннисшісі Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққанының арқасында 25-тен 10-орынға көтеріліп, өз спорт жолында алғаш рет үздік ондыққа енді.

Сондай-ақ Елена Путинцева 47-ден 44-сатыға жоғарылады.

Ал жұптық сында Анна Данилина 24-орында тұр.