17 сәу, 2022 сағат 00:16

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінде күміс медаль еншіледі


Қазақстандық спортшы Руслан Құрбанов семсерлесуден Challenge Monal 2022 әлем кубогі кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, Құрбанов жартылай финал кезеңінде француз Александр Барденетті 15:13 есебімен ұтты. 

Ақтық сайыста спортшымызға Францияның тағы бір өкілі қарсылас болды. Нельсон Лопес бірден басымдықты өз қолына алды. Қорытынды есеп 15:11. 

Солайша, Руслан Құрбанов турнирдің күміс медалін еншіледі.