2017 жылғы 14 ақпанда Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кездесу өткізіп, екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар орнатылуының 25-жылдығын ү.ж. 15 шілдеде мерекелеу турасында екіжақты ынтымақтастықтың жәй-күйі мен даму келешегін талқылады.
Қазақстандық дипломат Румынияның Сыртқы саяси мекемесі басшысын елімізде жүргізіліп жатқан билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде конституциялық реформа турасында демократиялық жаңғыртуы туралы, Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының негізгі қағидалары туралы, сондай-ақ Елбасының бес институционалды реформаларды іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы жөнінде таныстырды.
Тараптар алдағы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Румынияның қатысу мәселелерін, Қазақстанның бастамаларын, және де, ең біріншіден, Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты емес мүшелігі турасында көпжақты өзара әрекеттесуді талқылады.
Теодор Мелешкану, Қазақстанның сыртқы саяси қызметін және де, бірінші кезекте Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларын жоғары бағалап, олардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Министр, Елбасы мәлімдеген Конституциялық реформаларын сөз салып, ҚР Президентінің ұсыныстары қазақстандық қоғамына маңызды ғана емес, Қазақстанның қоғамның келешек демократизациялауына дайындығы жөніндегі Еуроодақ елдеріне анық белгі жолданылып, Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімі турасында айрықша өзекті болып отыр.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың көрегендігін және оның «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» жолдауының маңыздылығын атап өтіп, румын саясаткері, экономикалық дамудың қазақстандық моделі мен саяси жаңғыру қарқыны посткеңестік кеңістігіндегі елдеріне, және де, ең алдымен Қазақстан Румынияға басты мемлекет болатын Орталық Азия өңірі елдеріне үлгі болуда.