25 қаң, 2025 сағат 18:39

Рұқсат қағазы жоқ “әуе таксиі”: кәсіпкердің ұшағы тәркіленді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Былтыр жазда Алакөлде апатқа ұшыраған планер иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Ult.kz, Tengrinews.kzке сілтеме жасап. Бұл туралы бас прокуратура баспасөз қызметіне мәлімдеген.

"Достық" көлік прокуратурасы "SKYPPER 912" дельтапланы иесінің әрекетінен құқық бұзушылықтарды анықтады. Ол рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралды" делінген хабарламада.

Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді.

Еске салайық, 2024 жылдың жазында Алакөл көлінде осы дельтаплан апатқа ұшырап, салдарынан екі адам зардап шеккен болатын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды