22 қыр, 2020 сағат 11:30

«Рухани жаңғыру»: Президент атаулы күндерді атаусыз қалдырмауды тапсырды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдап, атаулы күндерді атаусыз қалдырмауды тапсырды. Оның ішінде ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылданатын болады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Осы қабылдау барысында, Президентке бүкіләлемдік пандемия кезінде атаулы күндердің, мерейтойлар мен маңызды шаралардың атқарылуы туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың маңыздылығы мен ұйымдастырылуына қатысты әңгімелер орын алды.

Кездесуде мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Ақорда таратқан хабарламада «Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді», - делінген.

Ал Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев өз кезегінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады.

«Рухани жаңғыру»  бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі артып отыр.  Сонымен қатар, кириллица қарпін латын әліпбиіне көшіру мәселесі де өзекті болып отыр. Оның сыртыда, мемлкеттік тілдің деңгейі мен мәртебесін көтеру туралы бірнеше ұсыныс-пікірлер бар», - деді Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев.

Аталған кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруді бақылауда ұстауды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдап, атаулы күндерді атаусыз қалдырмауды тапсырды. Атап айтқанда, ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың маңыздылығы мен ұйымдастырылуына қатысты әңгімелер орын алды.