24 жел, 2024 сағат 16:13

Рудныйдағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты


Фото: Kazinform

Қайғылы оқиға «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ кенді дайындау және байыту цехында болды. Жөндеу жұмыстары кезінде ер адам ауыр дене жарақатын алды, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Зауыттың баспасөз қызметі ақпаратты ресми түрде растады.

– Вагонаударғышты жөндеу кезінде жөндеуші слесарь өте ауыр жарақат алды. «ССТКББ» АҚ ұжымы мен басшылығы марқұмның отбасына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Оларға қажетті көмек көрсетіледі. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр, - делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтауда МАЭК кәсіпорнында жұмысшы қаза тапқанын жазған болатынбыз.