#
#
Жексенбі 20/09/2020

Рудныйда өрттен 30 тұрғынды құтқарған полицейлер марапатталды

  • 08.08.2020
  • 0
  • 169

Рудныйда жанып жатқан бес қабатты үйдің 30 тұрғынын құтқарған полицейлер медальдармен марапатталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Рудный қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Жәнібек Ғыйлымханов пен Нұрбек Есқабыл «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Еске сала кетейік, 4 тамыз күні бес қабатты үйдегі өрт кезінде полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап, құтқарған. Олардың арасында үш айлық бала бар. Жәнібек Ғыйлымханов үшінші қабаттың балконында баласын құшақтап тұрған әйелді байқап қалады. Полицейдің айтуы бойынша, егер ол баланы кіреберіске кіргізсе, ол қою түтінге тұншығып қалуы мүмкін. Сондықтан, сәбиді құтқару үшін Жәнібек төменгі қабаттың балконынан үшінші қабаттың балконына көтерілген.

– Шақалақтың анасы қатты қорқып қалған, бірақ мен сабырға шақырып, баланы құлатып алмайтынымды айттым. Ол маған нәрестесі оралған жамылғыны берді. Үй тұрғындарының бірінің көмегімен біз баланы түсіріп алдық. Әрі қарай пәтер тұрғындарын балконнан шығара бастадым , – дейді сол күнгі оқиғаны еске алған полицей.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар