26 қаң, 2023 сағат 22:08

Рудный қаласында тағы да жылу құбыры жарылды

Instagram/rudny_official

Рудный қаласында тағы да жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"26 қаңтарда сағат 14.00-де Горняков көшесі бойында диаметрі 530 мм жылу трассасы жарылды. Салдарынан 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылу желісінен ажыратылды. Жылу желісіндегі жарықтың орны анықталды" - делінген әкімдік хабарламасында.

Ақауды жою бойынша барлық қажетті жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатқаны да нақтыланады. 

Айта кетейік, 19 қаңтарда Рудный қаласында құбыр жарылып, 24 көпқабатты және 59 жер үй жылусыз қалған болатын. Ал 21 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында, ең алдымен, Рудныйда жылу құбырындағы жарылыс салдарымен танысып, өңір басшылығының қалпына келтіру жұмыстары туралы баяндамасын тыңдаған еді.