Фото: ашық дереккөз
8 қараша күні сағат 02:00 шамасында Топорков көшесінде болған жылу желілеріндегі апатқа байланысты Рудный қаласы әкімдігі ақпарат берді.
"Сағат 8:30-да жарылған жерлері жөнделіп, құбырлар жұмыс істей бастады. Жеке сектордағы барлық 198 абонент жылумен қамтылды. Сағат 6:00-де Строительная көшесіндегі жеке сектордың орамішілік тарату желілері зақымданып, 27 абонент жылудан ажыратылды. Жөндеу жұмыстарына 11 адам, 3 бірлік техника жұмылдырылған. Сағат 12.00-ге дейін жылу жүйесі қалпына келтіріледі. Апат салдарын жою Рудный қаласы әкімдігінің бақылауында",-делінген хабарламада.
Соңғы екі жылда Рудный қаласында 16,5 млрд теңгеден астам сомаға 33,8 км жылу желілері жөнделген.