23 мам, 2024 сағат 17:16

Роза Рымбаеваға пародия жасаған студент жұртты күлкіге қарқ қылды

Әлеуметтік желіде отандық эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваға пародия жасаған студенттің видеосы тарады. Көпшілік оның әншімен ұқсастығына таңғалып жатыр.

Роза Рымбаеваны сахналаған студенттің видеосын Елдана Ғаниқызы атты TikTok пайдаланушысы жариялады.

"Студенттерді бақылау. 1-курс емтиханы. Еслям Нұртазин шеберханасы", - деп жазған автор.


Аталған емтиханның қай оқу орнында өткені белгісіз. Көпшілікке сахнаға пародия жасауға шыққан студенттің аты да мәлім емес.