Фото: Instagram/danial.akhmetov.official
Риддер қаласындағы жылу эектр станциясындағы таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасы жарылып, 6 адам адам жарақат алды, деп хабарлайды Ult.kz.
Риддер қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін таңғы 4:39-да "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасының жарылысы болған, бірақ өрт шықпаған.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.
"Оқыс оқиға салдарынан 6 адам зардап шекті. Қазір олар ауруханада, жағдайлары тұрақты. Біз станция директорымен бірге нысанды толығымен тексеріп шықтық. Станция жұмыс істеп тұр", - деді әкім.
Әкімдік тұрғын үйлердегі температураның қалыпты деңгейде екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Риддер қаласында ауа температурасы -4 градус.
"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты желідегі қысым уақытша аздап төмендеуі мүмкін екені хабарланды.