06 ақп, 2023 сағат 12:18

Риддердегі жылу электр орталығында жаңа қондырғылар істен шықты


Риддер жылу электр орталығында жаңа қондырғылар істен шығып, қала тұрғындары тағы жылусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Айта кетейік, аталған қондырғы осыдан бірнеше апта бұрын өрт шыққаннан кейін қайта қалпына келтірілген көмір трактына орнатылған болатын.

"5 ақпанда 2 конвейер таспасын көтеретін барабан қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін №1 қазандық қондырғысы қосымша қыздырылды", - дейді қала әкімі Дмитрий Горьковой.