- Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Байқоңыр ғарыш айлағынан «ЭкоСтар-21» телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппаратын ұшыруды қамтамасыз ету өкіміне қол қойды, деп хабарлады РФ Үкіметіне сайтына сілтеме жасап "Ұлт ақпарат".
«Ресей қорғаныс министрлігіне шарт негізінде ғарыш жүйелері мен кешендерін пайдалануға, ғарыш айлағынан EchoStar 21» телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппаратының «Бриз-М» жүрдек блогымен «Протон-М» зымыран тасығышын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшыру үшін әскери құрамның жеке құрамын тартуға рұқсат етілсін» - делінген хабарламада.
Ғарыш аппаратын «ЭкоСтар» компаниясына «Спэйс Системс Лорал» компаниясы әзірледі. Ол Еуропа аумағында мобильді серіктік байланыс қызметін көрсетуге арналған. ҒА орбитаға шығарғаннан кейін Ұлыбританияның ұлттық тізіліміне енгізіледі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, «EchoStar 21» телекоммуникациялық мақсаттағы ғарыш аппаратын ұшыру үшін «Бриз-М» жүрдек блогымен «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру 22 желтоқсанға белгіленген. Содан кейін Роскосмос Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылым бағдарламасын аяқтауы тиіс.