Бүгінгі таңда Резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Заң жобасы Парламентте қабылданғаннан кейін резервтегі қызметке азаматтарды қабылдау басталады. Ал жалпы қабылдау қалай өтеді, резервтегі қызмет бізге қажет пе, осы және басқа да сұрақтарға Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға-офицері, подполковник Берік Сүлейменов онлайн-брифингте жауап берді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Оқытылған жұмылдыру резервін қалыптастыру, елдің қорғаныс әлеуметін арттыру үшін жалпы қабылданған практика екенін шетелдік тәжірибелерде жасалған талдаулар көрсетіп жүр. Қорғаныс министрлігі резервте қызметте енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі. Резервтегі қызметтің негізгі мақсаттары, міндеттері және артықшылықтары қандай деген мәселелер талқылауға шықты.
Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға-офицері, подполковник Берік Сүлейменовтің айтуынша, Резервтегі қызмет ол еркіндік негізіндегі азаматтардың негізгі жұмысын, әскери қызметін бірлестіретін келісімшарт бойынша әскери қызмет.
«Резервтегі қызмет мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру үшін қажетті. Ол әскери бөлімдердің өрістету мерзімдерін қысқарту жолымен жетіледі. Резервтегі қызметке азаматтар еркіндік түрде қабылданады. Олардың арасынан әскери есептік мамандар бар. Мысалы, пулеметшілер, жүргізушілер, снайперлер сияқты мамандықтардан қабылданады. Және де мерзімді әскери қызмет өткен, келісімшарт бойынша әскери қызмет, әскери-техникалық мектептері мен әскери кафедрада дайындықтан өткен азаматтар қабылданады. Әскери есепте тұрған жергілікті әскери органдардан қандай қажетті құжаттарды жинауды барып біледі, содан кейін медициналық комиссиядан өтіп, келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау талаптарымен алынатын болады», – дейді Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға-офицері, подполковник Берік Кеңесұлы.
Оның айтуынша, Резервтегі қызмет мерзімді әскери балама болмайды. Себебі әскери дайындықтан өткен азаматтар қабылданады. Және де денсаулығы жақсы, әскери мамандығы бар азаматтар қабылданады. Сонымен қатар, жиындар мен оқу-жаттығуларға қатысу үшін резервтегілер еліміздің басқа өңірлеріне бара алады. Яғни әскери жаттығулар басқа өңірлерде өтетін болса, қажетті болған кезде басқа өңірлерден резервтер қатысу мүмкіндігі болады.
«Айта кететін бір жайт, Резервтегі қызмет бойынша келісімшарт жасағандар үшін қандай да бір жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, жұмысы жоқ азаматтарға қосымша табыс алуға мүмкіндік беріледі. Қазақстан Республикасы бойынша ең төменгі төлемақы төленеді. Және жұмысы бар азаматтар жиын өткізу кезінде олардың орташа жалақысы көлемінде жалақы төленеді. Қазіргі кезде бізбен резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Заң жобасы Парламентте қабылданғаннан кейін резервтегі қызметке азаматтарды қабылдау басталады. Заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды. Әр азамат ашық интернет порталында онымен танысып, және талқылауға мүмкіндігі бар», – дейді Қарулы күштер Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің аға-офицері, подполковник Берік Сүлейменов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Резервтегі қызметті енгізу мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді. Заң жобасы Парламентте қабылданғаннан кейін резервтегі қызметке азаматтарды қабылдау басталады. Резервтегі қызмет мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыру үшін қажетті. Ол әскери бөлімдердің өрістету мерзімдерін қысқарту жолымен жетіледі. Резервтегі қызметке азаматтар еркіндік түрде қабылданады.