#
#
Сейсенбі 11/08/2020

Рейд: Елордада карантин талаптарын сақтамай келген бірқатар нысан анықталды

  • 15.07.2020
  • 0
  • 186

Елорданың тәртіп сақшылары мен әкімдік өкілдері елордадағы ойын-сауық мекемелеріне сағат кешкі 20:00-ден кейін бірлескен рейд жүргізді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Тексеріс қатаң карантин шараларының енгізілгеніне қарамастан, кейбір мекеме иелерінің Бас санитарлық дәрігердің Қаулысының талаптарына мән бермей, жұмысты жалғастырып жүргенін анықтады.

Мысалы, Сауран көшесінде орналасқан дәмхананы тексеру кезінде бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Бұл жерге келушілер кальян шегіп отырған. Ол үшін дәмхана әкімшісі, сондай-ақ үш келуші ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 441-бабы (Қоғамдық орындарда темекі бұйымдары және электронды темекі шегу тыйымын бұзу) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

Қаланың Қабанбай батыр көшесінде орналасқан компьютер клубы да салған тыйымды елемей, қызметін жалғастырған. Оған қоса, мұнда келушілер маска режимін сақтамағаны анықталды.

Карантинді бұзудың барлық фактілері бойынша материалдар Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар