03 сәу, 2024 сағат 14:10

Республикалық маңызы бар төрт жол жабық

Фото: Ашық дереккөз


Қызыл судың салдарынан төрт облыста республикалық маңызы бар төрт жол жабық, деп хабарлайды Қазавтожол.


"Ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан республикалық маңызы бар 2 бірдей автомобиль жолдары тасқын судың астында қалды. Бұл Ақмола және Қостанай облыстарының жолдары", - дейді ведомстводағылар.


Ал Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар төрт автомобиль жолында қозғалысқа шектеу қойылды. Шектеу қойылған жолдың жалпы ұзындығы 196 шақырым.


Қазіргі уақытта республикалық жолдарды 283 бірлік техника мен 319 адам жұмыс істеп жатыр.