08 сәу, 2024 сағат 09:25

Республикалық маңызы бар 14 жол жабық тұр

Фото ашық дереккөзден


Республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында су тасқынына байланысты қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.


"7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолында (ұзындығы 679 км) қозғалысқа шектеу қойылды", - деп жазылған хабарламада.


8 сәуір сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3206 метр жолды су басқан.


Қазіргі таңда республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмыс істеп жатыр.