11 мам, 2021 сағат 14:20

Республикалық этномәдени орталықтар «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясына атсалысты


Елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Оған Қазақстан халқы ассамблеясы үлес қосуда. Олар Алматы облысы мен Маңғыстау облысында қайырымдылық акциясының мұқтаж жандарға жетуіне көмек көрсетті, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған #Елбасыжылуы акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетті.

Бұл жолы акция Алматы облысы, Панфилов ауданының Жаркент қаласында өтіп, Панфилов ауданының ұйғыр этномәдени орталығынан бастау алды. Салмағы 25 келі азық-түлік жиынтығын алған 150 аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетілді.

Азық-түлікті меценаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Закиржан Пирмухамедович Кузиев және Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Абдулхалил Долкунтай ұсынды.

Акцияны бастау кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Закиржан Пирмухамедович Кузиев, "Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Марат Тайлақұлы Илипов, республикалық этномәдени орталықтың Панфилов ауданындағы филиалының төрағасы Азат Саутович Гаитов, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының басшысы Зухрулам Абаевич Құрманбакиев, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы, ҚХА мүшесі Рустам Абдусаламович Кайриев сөз сөйледі.

Ұйымдастырушылар қатысушыларды акциямен таныстырды, содан кейін Панфилов ауданының мұқтаж тұрғындарына жеткізу басталды. Іс-шара барлық белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті.

Ал Маңғыстау облысында өткен "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы Жеңіс күніне орайластырылды.

Азық-түлік жиынтықтарын беру бойынша осы акцияға Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері белсенді қатысады.

"Видергебург" неміс этномәдени бірлестігі алғашқылардың бірі болып ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.

Олар еңбек майданының ардагерлері Борис Дашковскийге, Роман Воронинге және Мария Воронинге барды. Айтпаева Юлия, "Чосон" корей этномәдени бірлестігінің мүшесі "Жаңғыру жолы" өңірлік штабының мүшелері Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бисен Боқаев пен Асан Аймағамбетовті Жеңіс күнімен құттықтап, оларға азық-түлік жиынтығын жеткізді.

Ардагерлер қайырымдылық акциясына қатысты алғыс білдірді, деп хабарлады Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында барлығы 71 отбасы бар, олар ардагерлер, тыл еңбеккерлері, ауған жауынгерлері бөлінген азық-түлік жиынтықтары мен бірінші қажеттіліктегі тауарларды алды. Әр отбасы жалпы салмағы 130 келі болатын тауарлар жиынтығын алды. Оның ішінде ұн, картоп, сәбіз, пияз, қант, макарон, өсімдік майы, шай, тұрмыстық химия және гигиена құралдары бар.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде "Елбасы жылуы" қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Оған Қазақстан халқы ассамблеясы да үлес қосуда. Олар Алматы облысы мен Маңғыстау облысында қайырымдылық акциясының мұқтаж жандарға жетуіне көмек көрсетті.

Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен іске қосылған #Елбасыжылуы акциясы аясында қайырымдылық көмек көрсетті.

Айта кетейік, азық-түлікті меценаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Закиржан Пирмухамедович Кузиев және Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі Абдулхалил Долкунтай ұсынды.