07 қыр, 2022 сағат 13:52

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады


Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық Құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында депутаттар "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізді:

  • 25 қазанды ұлттық мемлекеттік мереке - Республика күні деп белгілеу;
  • 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде бекітілсін.

Еске салайық, бұған дейін Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін екені хабарланған болатын.