28 қыр, 2022 сағат 14:05

Республика күніне орай қанша күн демаламыз?


25 қазан – Республика күні мерекесі күнтізбеге қайта оралды. Осыған байланысты қазан айындағы демалыс күндерінің кестесі өзгерді. 

Енді қазақстандықтар Республика күніне орай 23-25 қазан күндері демалады. Бұл туралы құжат "Ашық" НҚА сайтына шықты.

"Биыл "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" ҚР Заңына 25 қазанды - ұлттық мейрам Республика күні ретінде енгізу жоспарланған. Ол биыл сейсенбі күнге түсіп тұр. Осыған орай, мереке күндерінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында қаулыға өзгеріс енгізу ұсынылды. Онда демалыс күнін 22 қазан сенбіден 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру жоспарланған", - делінген құжатта.