31 қаз, 2016 сағат 11:10

Ресейлік үш субмарин Сирия жағалауларына бет түзеді

Қазіргі заманғы қанатты зымыранмен қаруланған үш ресейлік атомды сүңгуір қайығы Ресейдің әскери-теңіз флотының шұғыл тобына қосылды. "Адмирал Кузнецов" авианосеці бастаған шұғыл топ Сирия жағалауларына қарай жүзіп барады.

Британдық The Sunday Times газетінің хабарлауынша, Ұлыбританияның Әскери-теңіз флотының кемелері екі атомды "Акула" субмарині мен дизельді "Кило" сүңгуір қайығының бағытын бақылап отыр. Олар жақында Солтүстік Атлантикалық суларға кірді. Басылым мәліметі бойынша, үш сүңгуір қайық өткен аптада Мурманск портынан шыққан.

Батыс елдері Ресей президенті Владимир Путиннің сириялық Алеппо қаласының күл-талқанын шығара ма деп қауіптеніп отыр, делінген мақалада.

Бұған дейін, жұма күні Путин өзінің әскеріне Алеппоны соққылауын жалғастыруға тыйым салды.

centralasian.org