Ресейлік саяси ғылымдар кандидаты Эдуард Соловьев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының ерекшелігі туралы ойын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының жүйелі позициясы мен саясаты сайлау кампаниясынан бері байқалған. Оның әсіресе, 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы менің ерекше есімде қалды. Оның Жолдауы саяси бөлімнен басталады. Тоқаев Қазақстан алдындағы жалпы тенденцияны түсінетін үлкен саясаткер. Өз елінің алдында нақты проблемалар тұрғанын ол жақсы ұғынған», - деді Эдуард Соловьев елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президенттігі: алғашқы 100 күн – мақсаттар, қадамдар, тактикасы» атты дөңгелек үстел отырысында.
Саясаткер өз сөзінде Мемлекет басшысы қоғамдық-саяси жүйені жаңғыртуға басымдық бергенін ерекше атап өтті.
«Қазақстан Президенті қазақ қоғамының кемелденгенін, елдің жетістіктері мен табыстарын есепке ала отырып, экономикалық реформаларды жалғастыруды көздейді. «Елді қоғамдық-саяси тұрғыда жаңғыртпай тұрып, табысты экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес» деген сөзінде үлкен мән жатыр. Бұл ретте, оның сөзінен азаматтық қоғамды дамытуға барынша басымдық бергелі отырғанын, азаматтық қоғамды елдегі мәселелерді шешуге барынша жұмылдырғысы келетінін көреміз», - деді Эдуард Соловьев.