31 нау, 2024 сағат 22:05

Ресейдің 22 өңірін су басты

Видеодан скриншот


Ресейдің Алтай өлкесін су басты. Өңірде табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 


24 арнаның хабарлауынша, өңірде 90 үй мен 600 жер телімі бүлінген. 10-ға жуық тасжол жабылды. Алтай өлкесінен бөлек көрші елдің тағы 20-дан астам өңірінде көктемгі тасқынға қарсы жағдай қиын. 


Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды. 


Бұдан бөлек Саратов облысында да биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасқан. Қоймалардағы су деңгейі қалыпты межеден 126 пайызға жоғары болып тұр. 


Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.