Ресейде Ауыл шаруашылығын қадағалау ведомствосының ғалымдары әзірлеген коронавирустың жаңа түріне қарсы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы вакцина тіркелді. Бұл туралы ведомство басшысының орынбасары Константин Савенков мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Ресейдің ауыл шаруашылығын қадағалау ведомствосына бағынатын Жануарлар денсаулығын қорғау федералды орталығы әзірлеген, коронавирус инфекциясына қарсы етқоректі жануарларға арналған «Карнивак-Ков» вакцинасы Ресейде тіркелді. Бұл COVID-19-ға қарсы жануарларға арналған әлемдегі алғашқы және қазіргі уақытта жалғыз профилактикалық препарат», - деді ол.
Ол өткен жылдың қазан айында басталған вакцина ит, мысық, түлкі, күзен, және басқа да жануарларда клиникалық сынақтан өтен.
«Зерттеу нәтижелері вакцинаның зиянсыздығы мен оның жоғары иммуногендік белсенділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені барлық вакциналанған жануарларда 100% жағдайда коронавирусқа антидене пайда болды», - деп сендірді ол.
Савенковтың айтуынша, сонымен қатар ведомство ғалымдары препарат енгізілгеннен кейін иммунитеттің қанша уақытқа дамитынын зерттеуді жалғастыруда. «Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш кем дегенде алты айды», - деді ол.