07 мау, 2022 сағат 13:23

Ресейде VPN қолданушылар 15 есе көбейген


Ресейде 24 миллион адам бұғатталған интернет көздеріне кіру үшін VPN сервистерін қолдана бастаған. Бұл жөнінде Times газеті жазды, деп хабарлайды Азаттық.

Ақпан айында, яғни соғысқа дейін Ресейде VPN сервистерін 1,6 миллион адам ғана пайдаланған. 

Mediascope мәліметіне қарағанда, Ресейде сәуір айында 97,5 млн адам пайдаланған. Демек, елдің әрбір төртінші азаматы жеке желі немесе VPN қолдануға көшкен деген сөз. 

Қазір Ресейде мыңнан астам сайт бұғаттаулы тұр. Оның ішінде Facebook те, Instagram да, шетелдің ірі БАҚ-тары мен тәуелсіз БАҚ-тар да бар. Бұл сайттарға трафик төмендегенімен, тоқтап қалмаған. Мысалы, РБК мәліметіне қарағанда, Instagram трафигі күніне 39 миллионнан 34 миллионға дейін түскен.

Өткен аптада кейбір танымал VPN сервистеріне қосылуға қиындағанын хабарлаған. Бұл - техникалық IP адрестер мен домендерді шектеуге тырысқан Роскомнадзордың талпынысынан кейін болған. "Роскомсвободаның" техникалық директоры Станислав Шакиров ірі сервистер бұғаттарды айналып өту мәселесін шеше алады деп санайды. 

"Біз сөйлескен сервистер, мысалы Proton сервисі бұғатты айналып өткісі келеді. Меніңше, оған мүмкіндік бар. Бірашама уақыттан соң сервистер біртіндеп қайта жұмыс істей бастайды. Бәрі емес, көпшілігі", – дейді ол.

Ресей бас прокуратурасының сұрауы бойынша Роскомнадзор 24 ақпаннан бастап соғыс туралы жазып, Ресей билігінің цензурасын сақтамай жүрген орыс тілді медиаларды бұғаттауға кіріскен.