Ресейлік ғарыш бағдарламасының жетекшісі Дмитрий Рогозин Мәскеудің Халықаралық ғарыш стансасынан шығатынын мәлімдеді. Ол мұны Украинаға басып кіруге байланысты салынған санкциялармен байланыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Шешім қабылданып қойған, біз бұл туралы ашық айтуға міндетті емеспіз. Мен бір ғана нәрсені айта аламын - өз міндеттемелерімізге сәйкес біз серіктестерімізді ХҒС-тағы жұмысымыздың аяқталғаны туралы бір жылдық ескерту арқылы хабардар етеміз”, - деп келтіреді Рогозиннің сөзін Bloomberg.
Бұған дейін Рогозин АҚШ, Еуроодақ және Канада ресейлік ғарыш саласымен байланысты бизнеске қарсы санкцияларды алып тастамаса, ресейлік миссияны тоқтатамыз деп ескерткен.