27 жел, 2016 сағат 17:03

Ресей қорғаныс министрлігіндегі барлық Ту-154-тің ұшуы тоқтатылды

- 25 желтоқсан күні болған апаттың себебі анықталғанға дейін, барлық Ту-154-тің ұшуы  тоқтатылды, деп хабарлайды РБК.

«РФ Қорғаныс министрлігі Ту-154 әуе апатының тексеріс жұмыстары аяқталғанға дейін, аталмыш маркалы ұшақтардың барлығының ұшуын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады», - деп мәлім етті дереккөз. Дереккөздің айтуынша, қазіргі таңда осы үлгідегі ұшақтардың шектеулі саны қолданыста болғандықтан, бұл шешім әуе тасымалына кедергі келтірмейді.

Бұдан бұрын РФ көлік министрі Максим Соколов Ту-154Б-2 маркалы ұшақтардың тек Қорғаныс министрлігіне қызмет етіп жатқандықтан, ары қарай қолдану туралы шешімді тек осы ведомство қабылдайтынын мәлім еткен. Оның айтуынша, азаматтық авиация Ту-154М маркалы ұшақты пайдалануда және күн тәртібінде ары қарау қолдану туралы шешім күн тәртібінде тұрған жоқ.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 25 желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 08:27-де Ту-154 ұшағы Сочиден ұшқандарына екі минут өткенде радардан жоғалды. Оның бортында үш телеарнаның - НТВ, «Звезда» және «Бірінші» арнаның түсіру топтары болған. Апатқа ұшыраған 92 адамның ішінде - тоғыз журналист болды. Олар Бірінші арнадан Дмитрий Рунков, Вадим Денисов пен Александр Сойдов, НТВ-дан Михаил Лужецкий, Олег Пестов пен Евгений Толстов және «Звезда» арнасынан Павел Обухов, Александр Суранов пен Валерий Ржевский қаза тапты. Сонымен қатар, бортта әскери қызметкерлер, Александров атындағы ансамбльдің музыканттары, дәрі-дәрмектерді Сирияға алып бара жатқан дәрігер Елизавета Глинка және Қорғаныс министрлігі мәдениет департаментінің директоры Антон Губанков бар еді.