Фото: abai.kz
Ресей Байқоңырдан әскери зымыран ұшыра алмайды. Оның себебін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Ult.kz тілшісіне түсіндірді.
"Байқоңыр" ғарыш айлағы әскери ғарыш айлағы емес және де "Байқоңыр" ғарыш айлағынан тек қана азаматтық зымырандар ғана ұша алады. Әр бір зымыран әскери түрде ұшыруға арналмаған. Ол орбитаға ғарышкерлерді және де спутниктерді ұшыруға арналған. Сондықтан да ол мүмкін емес. Сонымен қатар шарттарға қарасақ, әр жылдың соңында келесі жылы қанша зымыран қандай мақсатпен ұшыратыны бойынша Қазақстан тарапына Ресей тарапы дипломатиялық каналдармен бірге жазады. Сол арқылы келісу болады. Ол келісу болмайынша Ресей тарапы ұшырулар жасай алмайды", ‒ деді Баубек Оралмағамбетов "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ-да өткен баспасөзге арналған турда.
Айта кетейік, 12 сәуірде елімізде Ғарышкерлер күні атап өтіледі.