16 қыр, 2020 сағат 14:06

Ресей азаматшасы ҚР Азаматтық заңнамасын бұзған

Павлодар облысының Шарбақты автобекетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасын кесіп өту кезінде Ресей азаматшасы ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел адам ​ 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдарды хабардар етпеген. 

Осы ​ іс-әрекеті ​үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудандық соттың шешімі бойынша ол Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.