Мәдени құндылықтарды заңсыз шығарғандарға қатысты жеке бап қарастырылмақ. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Заң жобасына ҚР аумағынан мәдени құндылықтарды заңсыз шығарғаны үшін жауапкершілік жүктеледі. Ресей мен Қазақстан шекарасындағы кедендік бақылауды оңтайландыру нәтижесінде туындаған қиындықтардың кесірінен екі арадағы мәдени құндылықтардың заңсыз тасымалының нақты ауқымын анықтау мүмкін болмай отыр. Ресейлік әріптестеріміз біз ұсынып отырған бапты өздерінде енгізіп қойған. Енді біз де қабылдап, бірлесіп әрекет етуіміз керек» - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.