06 қаз, 2024 сағат 12:24

Референдумнан кейін Үкімет ауыса ма?

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің жұмысына баға беріп, олардың жұмыс істеуіне уақыт беру керек екенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Қазақстан Үкіметі қазіргі құраммен осы уақытқа дейін 7 ай жұмыс істепті. Референдумнан кейін оның құрамында өзгерістер болуы мүмкін деген болжам бар. Сіз Үкіметтің жұмысына ризасыз ба?"- деп сұрады тілшілер Президенттен.

"Үкімет, менің ойымша, белсенді жұмыс істейді, тырысады, Мемлекет басшысы ретінде қойған міндеттерді орындайды. Бізде бұқаралық ақпарат құралдарына көрінбейтін өте ауыр жұмыс бар. Мен ақпарат алып, барлық оқиғалардан хабардар болып отырмын сосын, әрине министрлер мен Үкіметтің жұмысындағы кемшіліктерді көрсетемін. Бірақ 7 ай - қысқа мерзім. Үкімет мүшелері өздерін көрсетуі керек. Басты міндет-еліміздегі экономикалық өсу көздерін іздеу",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Айта кетейік, Қазақстанның қазіргі Үкіметі Олжас Бектеновтың басқаруымен биыл ақпанда тағайындалған. Бұған дейін премьер министр Әлихан Смаилов бастаған команда отставкаға кеткен.