2022 жылдың 5 маусымында «Қоғамдық пікір» институты «31 арнаның» тапсырысымен республикалық референдумға қатысушылар арасында экзитпол өткізді. Сұрауға 24 мың респондент қатысты, деп хабарлайды арнаның баспасөз қызметі.
Сауалнамада республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар және ауылдық елді мекендер қамтылды. Сауалнама 600 (алты жүз) сайлау учаскесінде өткізілді. Қателігі 2% пайыз шамасында.
Респонденттерге «Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берді.
Экзитпол нәтижелері бойынша референдумге қатысушылар 70,1% құрады.