Қазақстанда АЭС салу бойынша өтіп жатқан референдумның сағат 18.00-ге азаматтардың келуі туралы ОСК таратқан мәлімет бойынша ең көп келушілер Қызылорда облысы, ең аз Алматы облысы болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-і бюллетень алды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 64,24 %
2. Ақмола облысы бойынша – 68,98%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,31 %
4. Алматы облысы бойынша – 67,77 %
5. Атырау облысы бойынша – 60,80 %
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,41 %
7. Жамбыл облысы бойынша – 57,76 %
8. Жетісу облысы бойынша – 64,24 %
9. Қарағанды облысы бойынша – 69,48 %
10. Қостанай облысы бойынша – 70,99 %
11. Қызылорда облысы бойынша – 79,87 %
12. Маңғыстау облысы бойынша – 51,38 %
13. Павлодар облысы бойынша – 62,51%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,72%
15. Түркістан облысы бойынша – 74,23 %
16. Ұлытау облысы бойынша -67,77 %
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,58 %
18. Астана қаласы бойынша – 49,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 22,91 %
20. Шымкент қаласы бойынша – 68,89 %
Дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де берілетін болады.