05 мау, 2022 сағат 18:23

Референдум: Омбудсмен дауыс бере алмаған қазақстандықтар туралы айтты

фото: Tengrinews.kz

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова референдумда дауыс бере алмаған жекелеген азаматтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстанның Азаматтық альянсының басшысы Бану Нұрғазиева келіп түскен арыз-шағымдар туралы айтып өтты.

"Кей азаматтар өзі тіркелген орнын уақытында тексермегендіктен дауыс бере алмады. Аз болса да, менің ойымша, әрбір жағдайды қарастырып және бұған болашақта жол бермеу керек, өйткені азаматтардың сайлау құқығы жүзеге асырылуы керек", - деді Нұрғазиева.

Әзімова елдегі белсенді ішкі көші-қонға байланысты кейбір азаматтарда референдумда дауыс беруге байланысты қиындықтар болғанын айтты.

"Мәселен, тұрғын уақытша тіркеуде тұр (басқа жерде - еск.). Немесе жұмыс істеу үшін уақытша басқа қалаға кеткен. Қазірдің өзінде екі өтініш түсті. Олар ОСК түсініктемелеріне қарамастан бүгін үй жанындағы сайлау учаскелеріне барып, дауыс бере алмағанын айтады. Яғни, нақты тұрғылықты жері бойынша", - дейді Әзімова.

Олар мән-жайды анықтау үшін алдын ала шара қолданбаған, деді омбудсмен.

"Әрине, бір жағынан, адамдар БАҚ-та айтылған міндеттер мен ұсыныстарды орындамады деп айтуға болады, бірақ екінші жағынан, бұл тек азаматтың жауапкершілігі ме, әлде бұл мемлекет тарапынан да жауапкершілік пе?", - деп қосты Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Әзімованың айтуынша, бұл мәселені келесі референдумда шешу керек.

"Конституцияға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық деңгейде осындай сипаттағы референдум алғаш рет өтіп жатыр. Мұндай референдумдар біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек, бүгінгі референдумнан кейін азаматтық белсенділік арта түсетінін түсінуіміз керек, сондықтан нақты тетіктерді әзірлеу керек", - деп аяқтады ол.