16 жел, 2020 сағат 10:00

Рашид Аюпов Түркістанның түрлі сала мамандарына Мемлекеттік туды табыстады

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай облыс орталығында түрлі салада қызмет етіп жүрген 29 азаматқа Мемлекеттік туды табыстап, мерекемен құттықтады. Бұл азаматтардың қатарында қаланың дамуы мен тыныс-тіршілігінде орасан-зор еңбек етіп жүрген жандар бар, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шаһар басшысы «Түркістан жарық-тазалық», «Жылу», «Түркістан-Су» мекемелерінде сантехник, от жағушы, жүк артушы, сыпырушы, күзетші болып қызмет етіп жүрген азаматтарға алғыс хатын да қоса берді. Одан өзге, әкімдіктің дербес бөлім басшылары білім, дәріхана, наубайхана, жедел медициналық жәрдем сынды мекеме мамандарына табыстады. 

Айта кетейік, жуық арада Мемлекеттік туды пайдалану аясы заңнамалық тұрғыда кеңейтілген еді. Еліміз Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру үшін, ел азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.