06 сәу, 2022 сағат 15:06

Рахмонов Чимаевпен жекпе-жек өткізудің шартын айтты

коллаж: Tengrinews.kz

Қазақстандық спортшы, жартылай жеңіл салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов швед файтері Хамзат Чимаевпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Рахмонов оны неге қазір жекпе-жекке шақырмай жүргенін түсіндірді.

"Егер біз рейтингте жақын болсақ және UFC бұл жекпе-жекті ұйымдастыратын болса, мен оған келісемін. Бірақ қазір оны жекпе-жекке шақыратын уақыт емес, өйткені ол алда титул үшін жұдырықтасуы мүмкін. Ал мен оның рейтингіне жеткенде міндетті түрде жекпе-жек өткіземіз.

Бірақ ол мені мүлде таңғалдырмайды. Оның әдістерінен ерекше ештеңе байқамадым. Чимаев - жақсы спортшы, сегізбұрышта тамаша жұмыс істейді, қарсыластарына ұқсамайды, өзін барлық жағынан сенімді ұстайды. Егер біз жекпе-жек өткізетін болсақ, бұл басқа айқас, басқа жекпе-жек болуы мүмкін", - деді Рахмоновтың сөзін Fightnews.info Sportskeeda.com сайтына сілтеме жасап.