Рахат Тоқбаев Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР қаржы министрінің бұйрығы бойынша, Рахат Келдібайұлы Тоқбаев ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Рахат Тоқбаев 1965 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, "Тұран" университетін бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Атбасар жөндеу-механикалық зауытында темір ұстасының шәкірті болып бастаған.
1985 жылдан 1998 жылға дейін қаржы-несие мекемелерінде жұмыс істеді. 1998-2001 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының валюталық операциялар бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары, Қаржы департаменті басшысының орынбасары.
2007-2013 жылдары - Астана қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы.
2013-2021 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Қазынашылық департаментінің басшысы.
2021 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
777 рет оқылды