PricewaterhouseCoopers Еуразия аумағы бойынша басқарушы серіктесі Марк Хеннидің тұжырымы бойынша, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының Net Assets Worth ( таза активтердің құны) 5-жылдық кезеңде 1.7 есеге ұлғайды.
«2008-ден 2011-ге дейінгі кезең аралығында 3,1-3,5 трлн теңге деңгейінде болған Қордың таза активтерінің құны, 2011-ден 2016-ге дейінгі жылдары 6 трлн теңгеден асып түсті», - деді Марк Хенни.
Сондай-ақ, оның сөзі бойынша, Қор активтерінің портфелінің таза құн көрсеткіші, 2011- 2016 жылдары аралығындағы кезеңде 2, 4 есеге өсті.
«Біз жалпыға қол жетімді ақпараттар негізінде, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ аудиттелген қаржылық есептілігіне де алдын-ала есептемелер жүргізіп, Қор өз тапсырмаларын табысты жүргізуде, ал негізгі көрсеткіштері Temasek пен Khazanah тәрізді тәуелсіз, жетекші қорлардың көрсеткіштерімен салыстырмалы, деген қортындыға келдік», - деп сөзін жалғастырды Еуразия аумағы бойынша PricewaterhouseCoopers басқарушы Серіктесі Марк Хенни.
PwC мәліметтеріне сәйкес, 2011 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ таза активтерінің құнының орташа жылдық өсу қарқыны 11,5% құрады. Салыстыру үшін, дәл сол мерзiмге Temasek және Khazanah осы көрсеткіштің орташа жылдық өсу қарқыны тиісінше 6,9% және 7,8% құрады.
Net Assets Worth - Қор бойынша таза активтер құнының көрсеткіші 2008 жылғы базалықтан кейін, жарғылық капиталға мемлекеттен ешқандай жарна салынбайды. Сондай-ақ, 2015-ші жылғы девалвацияға байланысты, қаржы активтерін қайта бағалаудан туындаған шетелдік валюта бағамынан да пайда алынбайды.
PwC - консалтинг және аудит саласындағы кәсіби қызметтерін ұсынатын компаниялардың халықаралық желісі. Компания құрылғанына 160 жылдан астам уақыт болды және әлемдегі үлкен төрттік деп аталатын аудиторлық компаниялардың бірі болып табылады.
Ұлт порталы