Фото: ©РИА Новости
Ресей президенті Владимир Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресей басшысы Вашингтон, Лондон және Брюссель Киевті Ресейге қарсы әскери операция ұйымдастыруға итермелеп жатқанын айтты.
"Осындай мәлімдемелерге жол беретіндерге, біздің елде де түрлі қырып-жою құралдары бар екенін еске салғым келеді. Ал жеке құрамдас бөліктеріне келетін болсақ біздегілер НАТО елдеріне қарағанда заманауи. Біз халқымызды қорғау үшін қолымыздағы барлық құралдарды пайдаланамыз. Бұл - блеф емес. Ресей азаматтары Отанымыздың аумақтық тұтастығына, тәуелсіздігіміз бен бостандығымызға сенімді болуы керек.
Тағы атап өтемін: қолымыздағы барлық құралдармен. Ал бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысатындар желдің де өз бағытына бұрылуы мүмкін екенін білуі керек", - деді Ресей президенті халыққа жолдауында.