01 нау, 2017 сағат 09:27

Путин: Бішкек Кант қаласындағы база қажет емес десе, біз сол күні кетуге дайынбыз

Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азиядағы үш мемлекетке сапары аясында 28 ақпан күні Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Екі ел басшысы бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, РФ мен Қырғызстан арасындағы әріптестік мәселелерін талқылады.

Кездесуде Кант қаласында ресейлік әскери базаны кеңейту мәселесі талқыланбаған - мемлекет басшылары қырғыз әскерін нығайту және қару-жарақ жеткізу мәселелерін қараған. Атамбаевтың айтуынша, Ресей Қырғызстан қарулы күштерін нығайтуға көмектескісі келеді. Путин Кант қаласындағы ресейлік базаның пайда болу тарихын еске салып өтті.

"Ол қырғыз басшылығының сұрауымен 1999-2000 жылдары пайда болды. Сол кезде Қырғызстан халықаралық террористердің шабуылдарына тап болды, олар мұнда Ауғанстаннан келген еді. Сосын Қырғызстан басшылығы менен тез арада әскери контингент орналастыруымды сұрады", - деді ол.

Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстан өтінішімен базаны алып кетуге дайын. "Қырғызстан қарулы күштерін жеткілікті деңгейде нығайттық, база енді қажет емес дейтін болса, онда біз сол күні кетеміз", - деді Ресей басшысы.

Ұлт порталы