19 жел, 2020 сағат 09:10

ПТР анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

2020 жылғы 17 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген 3 қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

2020 жылғы 18 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Румыния, Қытай, Грузия, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Тәжікстан және Өзбекстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді. 

2 561 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 351 адам, анықтамасыз 210 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 641 жолаушы, анықтамамен – 1 513, анықтамасыз - 128;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 789 жолаушы, анықтамамен - 707; анықтамасыз - 82;
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 44 жолаушы анықтамамен келді;
  • Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 47 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2020 жылдың 17 желтоқсанында анықтамасыз келген 378 ҚР азаматтарының ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Дубай – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 3 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.