20 шіл, 2017 сағат 01:59

Прокурорлар: "Құрғақ саннан гөрі имандылық маңызды"


Санасын ішкілікпен улап, мас болғанда жарын айтпағанда, анасына қол жұмсап, баласын шырқыратқандарға жаза көру де аз секілді. Олай дейтініміз, биыл 6 айдың ішінде орын алған қылмыстың 78 пайызы ішімдіктің кесірінен болған екен. Қоғамды улап жатқан дерттен айығуға ең алдымен имандылық пен сауаттылық негіз бола алады. Соны мойындап, жақсы істер жасауға құлшыныс білдіре алсақ, арнайы орталықтар ашып, көпті күйзелістен құтқарамыз деп сабылмас едік. Астанадан арнайы келген бас прокурордың көмекшісі келтірген мысалдар көптің көкейіндегісін дөп басты.

Прокурорлар: "Құрғақ саннан көрі имандылық тағылымдары маңызды"

Екі айға жуық уақыт бұрын қолға алынған жоба алғашқы нәтижесін берді. Қазір өңірде отбасылық басқарма құрылып, Сарыағаш пен Шымкентте әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталықтары ашылды. Осы құрылымдар барлығын шешіп береді немесе, енді ешбір отбасында проблема туындамайды деу қате. Орталықтар қоғам мүшелерін дұрыс ойлап, сауатты қадам жасауға ғана бағыттай алады. Тірліктің басы-қасында жүрген Салтанат Ахатқызы оған сенімді.

Оңтүстіктің бетке тұтар ардақтылары деп шақырылған көпшілік те ойын бүгіп қалмады. Отанның өзі отбасыдан басталатынын тілге тиек еткен азаматтар қасиеті де, киесі де өзгелерден биік қазақтың өз тірлігіне өзі бекем болуын қалайды.

Рухани жаңғырудың қажеттілігі мен ұлттық кодтың мәнін сөз еткен азаматтар салт пен дәстүрді, дін мен ділді ұштастырып, бірлік пен ауызбіршілікке бекем болуға шақырды. Бірақ бұл – айтылған әңгіме негізінде қалатын дүние емес. Іспен жаңғыруы тиіс тұстар…

Зәуре Оралбаева, otyrar.kz