29 сәу, 2024 сағат 17:41

Прокурорлар Байжановқа тағылған айыптардың бірін алып тастауды сұрады


Прокурор сотталушы  Бақытжан Байжановқа тағылған баптардың бірін алып тастауды сұрады. 

Прокурор айыптаушы тарап ҚР Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша Байжановқа қатысты айыптаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Бұл ретте айыптау қылмыстық Кодекстің 432-бабы бойынша күшінде қалады - аса ауыр қылмысты жасыру.

Судья Байжановқа тағылған айыпты қайта қарау мақсатында сот отырысын кейінге шегеру шешімін қабылдады.

Қорғаушы тарап судьяның шешіміне қарсылық білдірмейтінін айтты, бірақ жаңа айыптау актісімен танысу үшін соттан 2-3 күн уақыт беруін сұрады, өйткені прокуратура бір бап бойынша айыпты жай ғана алып тастаған жоқ, оны басқаша тұжырымдап отыр.

"Қарсылығымыз жоқ, бірақ жаңа уәждер пайда болғандықтан, бізге уақыт керек. Біз бұл тағылған айыптау актісінің жазбаша нұсқасын алып, клиентіммен ақылдасуымыз керек. Сізден 2-3 күн уақыт беруіңізді сұраймыз", - деді Байжановтың адвокаты Ғазиз Ынтықбаев.

Судья айыптау актісін рәсімдеу кезінде сот отырысы сот актісі рәсімделген күннен бастап үш күннен ерте бастала алмайтынын айтты.