#
#
Бейсенбі 24/09/2020

Президенттің Германияға сапарында құны $2,4 млрд 30 экономикалық құжатқа қол қойылды

  • 06.12.2019
  • 0
  • 323

Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында жалпы құны 2,4 млрд доллар отыз экономикалық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы бейсенбі кешке журналистерге Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев қол қою рәсімнен кейін айтып берді.

«Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары аясында жалпы құны 2,4 млрд доллар отыз экономикалық құжатқа қол қойылды. Оның ішінде қайта өңдеу және машина жасау секілді салалар бар», - деді Б.Сартбаев.

«Олардың көбісі өзара байланысты және жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіреді», - деп атап өтті Kazakh Invest ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.

«Сондай-ақ бүгін қол қойылған басты құжаттардың бірі – Kazakh Invest пен Герман экономикасының шығыс комитеті арасында инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бірлескен жоспар. Ол салалардың басым бағытын және нақты ынтымақтастық жобаларын анықтайды», - деп тоқталды ол.

Айта кетерлігі, Герман экономикасының шығыс комитеті ГФР-дың Орталық, Шығыс, Оңтүстік шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 мемлекеттегі экономикалық мүддесіне жауапты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар