Орталық сайлау комиссиясы президенттікке кандидат төлейтін сайлау жарнасының мөлшерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгінде сайлау жарнасының мөлшері 3 миллион теңгені құрайды. Бұл 50 ең төменгі жалақы. Егер кандидат лауазымға сайланса немесе дауыс беруге қатысатындардың кемінде 5 процент даусын жинаса, сайлау жарнасы қайтарылады", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.
Президенттікке кандидаттарды тіркеу үшін мына құжаттар қажет:
- қоғамдық бірлестіктің жоғары органының президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі мәжілісінің осы қоғамдық бірлестікті әділет министірлігінде тіркеу туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркелген хаттаманың үзіндісі;
- президенттікке кандидат болып дауысқа түсуге келісім беру жөніндегі өтініш;
- азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
- кандидаттың өмірбаяндық деректері;
- кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
- кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
- денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды.
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу 21 қазанда басталып, 18 қарашаға дейін созылды.
19 қараша – тыныштық күні. Дауыс беру күні – 20 қараша.