ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан азаматтардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдаған барлық мемлекет басшыларына алғыс айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Алматы маңындағы ұшақ апаты салдарынан болған азаматтардың қазасына байланысты көңіл айту жеделхаттарын жолдап, тілектестік білдірген барлық мемлекет басшыларына алғыс айтамын» деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған болатын.
Осы оқиғаға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.