Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК-ны реформалау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды.
Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді. ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды", - делінген хабарламада.