07 қаз, 2022 сағат 17:32

Президент Тоқаев Константин сарайына барды


Мемлекет басшысы Санкт-Петербургтегі Константин сарайына барды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Константин сарайына келді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өтетін ТМД мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.