04 қар, 2021 сағат 14:30

Президент Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің таяздануын апат деп атады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев трансшекаралық өзендердің тайыздануына байланысты жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Трансшекаралық өзендер, әсіресе Сырдария, Жайық және Іле өзендерінің тайыздануы мен экологиялық жағдайының нашарлағаны байқалады. Бұл көбінесе көршілес елдерден келетін су көлемінің азаюына байланысты, себебі ол жерлерде су тұтыну арттты", - деді Тоқаев моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы айтқандай, суды тұтынуға деген көзқарастарды, оның ішінде жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы түбегейлі өзгерту қажет, бұл бірінші кезекте өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына қатысты.

"Су объектілерінің экожүйесін сақтау және ресурстарды ұқыпты пайдалану үшін маған 120 каналды қайта жаңғыртуды бастау және 9 жаңа су қоймасын салу тапсырылды. Бұл маңызды бастама белгілі бір дәрежеде басқа елдерден келетін суға тәуелділікті азайтады", - деп қосты Президент.