Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізеді", - делінген хабарламада.
Комиссия жұмысын Мемлекет басшысының өзі бақылайтыны айтылған.